"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Магдалиновка ауылының бастауыш мектебі" КММ
 КГУ "Начальная школа села Магдалиновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

Социальные сети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

  •  
  •  
  •  
  •  
  • 1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Магдалиновка ауылының бастауыш мектебі" КММ. Заңды мекенжайы Магдалиновка ауылы, Орталық көшесі 43

   2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: "Магдалиновка ауылының БМ" КММ 4 Мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2023 жылы 6 қызмет көрсетілді;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызмет – 0; электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет -5; қағаз нұсқада – 1 қызмет .

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2022 жылы 4 қызмет көрсетілді;

 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызмет - 0;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет - 4; қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызмет -0.

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер: "Мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамалар"; "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау";

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау".

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0035-atbasar.edu.kz / "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

   4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

 

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

2024 жылы "Магдалиновка ауылының бастауыш мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырылатын болады.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 18:25
Құрылған күні: 01.03.2024 12:02

Текст